Аудан әкімі дайындықты тексерді

Аудан әкімі М.Шермағанбет аудан орталығында әлемді жайлаған короновирус инфекциясына байланысты төтенше жағдай кезеңіндегі дайындықты қарап, алдын алу шаралары жөнінде бірқатар нысандарды аралап, жұмыстарымен танысты. Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сауда орындары мен дүкендердегі негізгі қолданылатын азық-түлік қорларының болуын, сатушылардың бетперде тағу талаптарын сақтауын және уақтылы дезинфекция жұмыстарын жүргізу жұмыстарын пысықтады.
Одан соң аудандық аурухананың дайындығын қарап, дәріханалардың тиісті дәрі-дәрмек қорларымен қамтамасыз етілулерін көріп, тігін ательелерінің иелері мен тігіншілеріне халықтың сұранысын толық қамтамасыз ету мақсатында бетперделерді тігу жұмыстарын жалғастыру қажеттілігін айтып түсіндірді.