Коронавирустың алдын-алу шаралары күшейтілді

Әлемді жайлаған коронавирус індеті Қазақстан аумағында да тіркеліп, өзінің көлемін ұлғайта бастады. Осы орайда Қазақстанда төтенше жағдай жарияланып, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында карантин жарияланды. Қазір Қобда ауданында аудан әкімінің басшылығымен шұғыл әрекет ету штабы құрылып, қызметін бастады. Ең алдымен денсаулық сақтау мамандарынан құрылған штаб мүшелері жағдайды ұдайы қатаң бақылап, алдын-алу шараларын жасауда. Штаб отырыстарында азық-түлік бағасы, бетпердемен қамтылу, қызметкерлердің жұмыс кестесіндегі өзгерістер, халықты ақпараттандыру секілді маңызды мәселелер баяндалып, шешу жолдары ортаға салынуда. Аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет жауапты тұлғаларға жағдайдың маңыздылығын алға тартып, тәулік бойы ұдайы бақылау керектігі туралы айтып, бірқатар нақты тапсырмалар берді.