Ереже

Аудан әкімдігінің
2010 жылғы «13» Тамыз
187 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
«Қобда ауданы әкімінің аппараты»
Мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1.Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасының белгіленген заңдарымен құрылатын мемлекеттік басқару және бақылау функцияларын орындауға уәкілеттік берілген «Қобда ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме әрі қарай мемлекеттік мекеме болып табылады.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ туралы ережеге сәйкес жүзеге асады.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ заңды тұлға болып табылыды, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ егер заңдарға сәйкес оған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ өз құзіретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен қаулылар, шешімдер, өкімдер түрінде Қобда ауданының аумағында міндетті күші болатын актілер шығарады.
«Қобда ауданы әкімінің аппарты» ММ құрылымы мен шекті штат санын облыс әкімдігі бекітеді.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ заңды мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қобда селосы, Астана көшесі 48
Мемлекеттік органның толық атауы мемлекеттік тілінде: «Қобда ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, орыс тілінде: государственное учреждение «Аппарат Акима Кобдинского района»
Ақтөбе облысының әкімдігі «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ құрылтайшысы болып табылады.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ туралы Ереже «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттары болып табылады.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметін қаржыландыру тек мемлекеттік бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
2.Функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген функцияларды жүзеге асырады.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ негізгі міндеттері:
Қазақстан Республикасының заң актілерімен, «Қобда ауданы әкімі аппараты» ММ қызметі осындай актілермен реттелген жағдайда:
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ құру туралы актіде.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ туралы ережеде белгіленген міндеттер болып табылады.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ құқықтарымен заң актілеріне, Қазақстан Республикасы Президенттінің актілеріне , Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті құқықтар белгіленеді.
3.Мемлекеттік мекеменің мүлкі
13. «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
«Қобда ауданы әкімінің аппараты » ММ мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.
14.«Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
15.«Қобда ауданы әкімі аппараты» ММ өзіне бекітілген мүлік пен қаражатты дербес оқшаулауға немесе оларға өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
4.Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
16. «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ облыс әкімі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын аудан Әкімі басқарады. Аудан әкімінің Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
17.Аудан әкімі «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметін ұйымдастырады. әрі оған басшылық жасайды және «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жузеге асыруы жауап береді.
18. Аудан әкімі осы мақсатта:
1) Өзінің орынбасар ларының және «Қобда ауданы әкіміаппараты» ММ құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарының міндеттері өкілеттігін белгілейді.
2) Заңдарға сәйкес «Қобда ауданы әкімі аппараты» ММ қызметкерлерін және құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) Заңдарда белгіленген тәртіппен «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ қызметкерлеріне және құрылымдық бөлімшелерінің бастықтарына тәртіптік жаза қолданады;
4) «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ актілерін қабылдайды
5) «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ білдіреді.
7) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
19. «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ әкімдік-алқа органы, аудан әкімі жанындағы
Кеңестер мен комиссиялар құрылады.
5.Мемлекеттік мекемені тарату
20. «Қобда ауданы әкімінің аппараты» ММ тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады