Қобдада 32 отбасы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында баспаналы болды.

Қобда ауданындағы жұмыс сапары барысында Бегалы ауылдық округіндегі егін саласымен айналысатын «30 жыл Қазақстан» ЖШС-ің жұмыстарымен танысты. Шаруашылық биыл 100 га күздік қара бидай, 150 га бидай, 290 га арпа, 100 га тары, 200 га судан шөбі, 450 га мақсары еккен. Қожалық дәнді-дақыл себуде жоғары агротехнологиялық талаптарға сай, жоғары сапалы тұқым пайдаланып, өсімдік зиянкестеріне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізген. Серіктестікте 18 трактор, 4 комбайн, 7 жүк автокөліктері және машина-трактор шеберханасы, механикаландырылған астық тазалау қондырғылары, астық қоймалары, ауыл шаруашылығы техникалары ауласы бар. Сондай-ақ облыс әкіміне болашақта Қобда ауданында жүзе асырылатын ірі жобалар таныстырылды. «Ақжайлау» ШҚ 2020-2024 жылдары құны 1 млрд болатын жобаны іске асыруды жоспарлайды. Мақсаты ауылшаруашылық өнім көлемін арттырып, демалыс орнын ашу. «Ұлы дала» ЖШС 400 млн тг 3000 бас малды бордақылауға арналған алаңның құрылысын жүргізуде. Жоба 2021 жылы толық аяқталады. «BS Agro» ЖШС 600 басқа арналған сүтті тауарлы ферма, және 400 бас етті бағыттағы ІҚМ өсіруге арналған орын ашпақ. «Сұңқар-7» репродукциялық ШҚ-ның 1000 бас ірі қараға арналған кешені салынуда. Кәсіпкерге мемлекет тарапынан 5300 га жер телімі берілген. 500 млн тг өз қаражатымен жобаны жүзеге асырып отыр. Қияр өсірумен айналысатын «Жылыжай» 2019 жылы «Бизнестің жол картасы 2025» аясында іске қосылған. Кәсіпкер жобаның екінші кезеңінде лимон өсіруді қолға алуды көздейді. Облыс әкімі орынбасары Аманғали Бердалинге кәсіпкерлердің жобасын жүзеге асыруда барынша қолдауды тапсырды. Өңір басшысы Қобда ауданының орталығында 32 отбасыға пәтер кілтін тапсырды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша бой көтерген 2 қабатты, 8 пәтерлі коммуналдық үйлер тұрғын үй кезегіндегі түрлі санаттағы азаматтарға табысталды. Тұрғын үйлердің сапалы әрі уақытылы салынуына «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы бақылауда ұстады. Тұрғын үйді тапсыру рәсіміне «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұлов қатысты. 2019 жылы жергілікті бюджеттен 3 екі қабатты тұрғын үйдің құрылысына 197млн. теңге қаражат бөлінген. 24 отбасына пәтер кілттері табысталды. Пәтер иелері көп балалы отбасы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар, бюджеттік қыметкерлер, әлеуметтік осал топта тұрған отбасылар. Биылғы жылы Қобда ауылында 32 пәтерлі тұрғын үй салынды, және тағы да 32 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталуға жақын. Аталған үйлердің құрылысына жергілікті бюджеттен 504 млн тг қаражат бөлінді. Оңдасын Оразалин Алтынсарин көшесінің автомобиль жолдарының, Самара-Шымкент тас жолының 64 шақырымындағы орташа жөндеу жұмыстарымен, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы бой көтеріп жатқан «Әкежан» супермаркетінің құрылысымен танысты. Өңір басшысы Талдысай а.о-де асыл тұқымды ангус ІҚМ мал өсірумен айналысушы «Бұлақ-Beef» ЖШС-де болды. Мал бас саны 413. Алдағы уақытта «Сыбаға» бағдарламасы аясында РФ құны 200 млн. теңгеге 270 бас гереффорд асыл тұқымды МІҚ сатып алмақ. Сондай-ақ мал азығын дайындау үшін техника сатып алуды жоспарлайды. Жұмыс сапарының соңында облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қобда ауданының әкімі Болат Куловқа ауданның экономикалық әлеуетін одан әрі арттыруды, туризм саласын және шағын орта кәсіпті дамытуды тапсырды.