Көк байрақты желбіреткен автошеру

Мемлекеттің нығайып, оның айбынының асқақ болуы үшін де, патриотизмді насихаттауда да мемлекеттік рәміздердің маңызы зор. 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күні рәміздерді дәріптеген автошеру болып өтті. Мәңгілік ел саябағынан бастау алған шара мемлекеттік гимнмен басталды. Автошерудің ашылу салтанатына аудан әкімі Б.Құлов қатысып, мемлекеттік рәміздердің елжандылыққа тәрбиелеудегі мемлекеттің абыройының артуына ықпалы туралы айтып жеткізді. Мемлекеттік туларымыз желбіреген ақ түсті автомобильдер рәміздер алаңынан бастау алып, аудан орталығының негізгі көшелерімен жүріп өтті. Автошеруді тамашалаған тұрғындар қол соғып, қошемет көрсетті.