ХАЛЫҚТЫҢ ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағытыАдами капиталды дамыту оның ішінде халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру аясында бағдарламаның ресми сайтындаарнайы курстық оқыту бөлімін ашып жүргізуде (сілтеме https://digitalkz.kz/kursy/ұсынылады).
2022 жылға дейін халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 83%-ға жеткізу көзделген.
Бүгінгі күні халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру бойынша негізгі цифрлық дағдылар бойынша оқыту бағдарламалары жаңартылды және қазіргі елде болып жатқан жағдайға байланысты, цифрлық технологияларды пайдалана отырып, азаматтарды қашықтықтын оқыту мақсатындаонлайн оқыту курстары келесі бағыттар бойынша https://digitalkz.kz сайтында әзірленді:
1. Электрондық қызметтер;
(www.pki.gov.kz порталында және жеке кабинетте жұмыс істеу;www.еgov.kz порталында және жеке кабинетте жұмыс істеу;«EgovMobile» мобильді қосымшасын, Телеграм мессенджерін орнату және оларды пайдалану;«электрондық үкімет» веб-порталында тіркелу және авторлану;www.еlicense.kz порталында жұмыс істеу;электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ пайдалану;біржолғы парольдардың көмегі арқылы электрондық мемлекеттік қызметтер алу; ақпараттық, интерактивтік және транзакциондық электрондық мемлекеттік қызметтерді алу;онлайн транзакциялар жүргізу;қызметтерді онлайн алу және төлем жүргізу тарихын қарай білу;мемлекеттік органдарға электрондық өтінімдер беру.)
2. Электрондық сауда;
(интернет-дүкендерде сатып алу, сату, ілгерлету; Интернет желісі арқылы қызметтерге төлем жүргізу)
3. Базалық цифрлық дағдылар;
(дербес компьютерді, ноутбукті, смартфонды және планшетті өз бетінше қолдануды және пайдалануды;дербес компьютерді пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтауды;негізгі офистік бағдарламаларды қолдануды (мәтіндік редакторлар және электрондық кестелер, дерекқорлар, презентациялар және т. б.);күнделікті өмірде және кәсіби қызметте Интернет желісін пайдалануды; дербес компьютерді, ноутбукті, смартфонды және планшетті, сондай-ақ дербес деректерді қорғау шараларын өздігінен қабылдау; өз бетінше жұмысқа орналасу үшін бос жұмыс орындарын іздеу және өзін-өзі оқытуға арналған үшін онлайн-курстар табу)
Бұдан әрі, оқыту курсын барлық қалаушыларына бейне сабақтарды көруге ыңғайлы болуына «Цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша курс» телеграм-каналы ашылған. Сонымен қоса, тұрақты түрде Мемлекеттік бағдарламаның және «Зерде» Холдингі АҚ Facebook және Instagram әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша курстар және цифрландыру бойынша өзекті жаңалықтар жарияланып тұрады.