Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 95 жыл

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 95 жылдығына орай ауданымызға іс сапармен облыс әкімінің орынбасары М.Шермағанбет іс сапармен келді. Алдымен Әлия ауылындағы батырдың ескерткішіне тағзым етіп, қобдалықтарға облыс әкімінің құттықтауын жеткізіп, лебізін білдірді.
Содан соң өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлесін қосқан Әлия есімді азаматшаларды, онлайн форматта өткен «Батырлар рухы» атты облыстық патриоттық әндер байқауының жүлдегерлерін марапаттады. «Қос шынар — Әлия мен Мәншүк» ҚБ төрағасы Ғ.Байдербес Әлия оқулары конкурсының жеңімпаздарын, батырдың інісі С.Молдағұлов даңқты қазақ қызына арналған сурет көрмесінің жүлдегерлерін марапаттап, батырдың сіңілілері Тәжен, Әліп Сарқұловалар өз құттықтауларын арнады.
Сонымен қатар өскелең жас ұрпаққа батырдың ерлігін насихаттау мақсатында театрландырылған көрініс сахналанды.