Аудан тұғындарының денсаулығы басты назарда

Елдегі орын алған пандемия жағдайына байланысты тұрғындарымыздың денсаулық жағдайы, олардың қауіпсіздігі басты назарда. Аудан әкімі Б.Құлов күнделікті халық көп шоғырланатын жерлерге барып, бетперде режимі мен арақашықтықтың сақталуы және антисептиктерді қолдану жөнінде нақты тапсырмалар беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кезекті рет аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі, "Әкежан" дүкені мен дәріханаларға барып, аудан халқының денсаулық жағдайына бей-жай қарамай, нұсқаулықтарды қатаң орындау қажеттілігін тапсырды.