Бизнестің жол картасы" МБ

Бизнестің жол картасы" МБ
2013 жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 608,4 млн.теңгеге 4 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде «пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау» бойынша 2 жоба.Олар:
1. «Айым А» ЖШС – автомектеп ғимаратын жөңдеу және негізгі құралдар сатып алу жобасы. Жобаның құны 6,0 млн.тенге.
Қазіргі таңда ғимаратты жөңдеу жұмыстары жүргізіліп, автокөлік сатып алынды.
Ашылатын жұмыс орны – 4.
2.«НитрохимГеоСервис» ЖШС –гі – Эмульсиялық жарылғыш заттар өндіру бойынша технологиялық құрылғылар және бұрғы скважиналарын механикалық зарядтау бойынша негізгі құралдар сатып алу жобасы. Жобалық құны 500,0 млн.теңге. Қазіргі таңда банктен несие алу бойынша құжаттар рәсімделуде.
Ашылатын жұмыс орны - 10.
«Ішінара кепілдендіру» бойынша 1 жоба бекітілді:
«Айым А» ЖШС – автомектеп ғимаратын жөңдеу және негізгі құралдар сатып алу жобасын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан 3,0 млн.тенгеге кепілдік берілді.
«Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бойынша 1 жоба :
«АкТеп» ЖШС – Мал шаруашылық кешеніне жобалық құны 96,4 млн.теңге тұратын ұзындығы 190 метр электр желісі, 4500 метр телефон желісі, 3650 метр су құбыры, 3277 метр кәріз өткізу жобасы. Ашылатын жұмыс орны -30.
Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының төртінші «Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту» бағытының шеңберінде іс-әрекеттегі шағын және орта бизнес субъектілерін сервистік қолдау қарастырылған. Кәсіпкерлерге сервистік қызметтерді «Бір терезе» қағидаты бойынша Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі №105 үйде орналасқан «Matrix» ғимаратының 3-ші қабатында тегін алуға болады.
Сервистік қызметтерді ұсыну бойынша қосымша ақпаратты 4-18-56 телефоны арқылы немесе Алға аудандық әкімдігінің 310 кабинетінен алуға болады.
Жұмыс істейтін бизнесті жүргізуді сервистік қолдау оның тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған және бизнес-үдерістерді қолдау бойынша мамандандырылған қызметтер түрлері:
1. Бухгалтерлік және салықтық есепті жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер:
- салық салу және салықтық әкімшілендіру мәселелері бойынша консультациялар;
- салық заңнамасы саласындағы және кәсіпорынның бухгалтерлік қызметін реттейтін заңнама
- саласындағы консультациялар;
- бастапқы құжаттарды өңдеу бойынша консультациялар, салықтар мен бюджетке басқа да түсімдерді есептеу;
- кәсіпорынның есепке алу саясатын әзірлеу;
- бухгалтерлік есепті қалпына келтіру;
- бухгалтерлік есепті жүргізу бойында консультациялар;
- 1 С-Бухгалтерия бағдарламасымен жұмыс бойынша консультациялар;
- үлгі банктік құжаттарды дайындау және толтыру бойынша консультация беру;
- үлгі банктік құжаттарды дайындау және толтыру;
- салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультация беру;
- салықтық есептерді дайындау және тапсыру;
- басқа ұйымдар қаржылық қызмет бойынша қосымша есептерді құру бойынша консультация беру;
- басқа ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау;
- статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультация беру;
- статистикалық есептерді дайындау және тапсыру;
- электронды статистикалық есептілікті ұсыну мәселелері бойынша консультация беру;
2. Кедендік рәсімдер бойынша қызметтер:
- кедендік заңнама мен кедендік рәсімдер саласындағы консультациялар;
- тауарларды декларациялау қағидалары мен тәртібі, кедендік құнды айқындау және түзету,
- кедендік декларацияны толтыру бойынша консультациялар;
- нақты тауарлар бойынша тарифтік және тарифтік емес реттеу бойынша консультациялар;
- сыртқы экономикалық қызметті құжаттамалық сүйемелдеу;
- сыртқы экономикалық қызмет үшін лицензиялар, рұқсаттар алу бойынша консультациялар;
- Кеден одағы шеңберінде жүктерді декларациялау бойынша консультациялар;
сыртқы сауда келісімшарт талаптары бойынша консультациялық қызметтер.
3. Менеджмент жүйесін енгізу бойынша барлық үдеріске консультация
беру және толық сүйемелдеу:
- Құжаттарды халықаралық ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі менеджменті жүйесі), OHSAS 18001:2007 (Денсаулық сақтау және қауіпсіздік техникаларын қорғау менеджменті жүйесі) стандарттарының талаптарына сәйкестік сертификатына консультация беру және дайындау;
- персоналды сапа жүйесінің стандарттары талаптарына сәйкестікке оқыту;
қолданыстағы менеджмент жүйелерін ИСО 9001:2000 (Сапа менеджменті жүйесі), ИСО 14001:2004 (Экологиялық менеджмент жүйесі), ИСО 22000:2005 (Тамақ өнімдері менеджменті жүйесі), OHSAS 8001:2007 (Денсаулық және қауіпсіздік техникалары менеджменті жүйесі) талаптарына сәйкестікке
талдау;
- менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу бойынша консультация беру;
- менеджменттің кіріктірілген жүйелерін әзірлеу және енгізу саласында консультация беру;
- ішкі аудитті жүргізуге консультациялық көмек;
- сертификаттау алдындағы аудитті жүргізу бойынша консультация беру;
4. Заң қызметтерін көрсету:
- кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау бойынша консультациялық қызметтер;
- кәсіпорынды (жеке кәсіпкерді) тіркеу, қайта тіркеу, жоюға құжаттар дайындау;
- шарттар жобаларын әзірлеу бойынша консультация беру;
- шарттар жобаларын әзірлеу;
- азаматтық және еңбек құқығы саласындағы консультация беру;
- құжат айналымын жүргізу бойынша консультация беру;
- ұсынымдар бере отырып құжат айналымының аудиті;
- бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау бойынша консультация беру;
- бизнес-жоспардан басқа кредиттеуге құжаттар пакетін дайындау;
- кадрлық құжаттаманы жүргізу бойынша консультация;
- ұсынымдар бере отырып кадрлық құжаттаманың аудиті;
- құжаттардың ҚР заңнамасының талаптарына сәйкестікке тексерумен байланысты консультациялық қызметтер.
5. Маркетинг мәселелері бойынша қызметтер:
- баға саясатын әзірлеу бойынша консультация;
- нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар,
- жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып нақты тауарлар, - жұмыстар және қызметтер бойынша баға саясатын әзірлеу;
- бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау бойынша консультация беру;
- бизнес-жоспарды әзірлеу және екінші деңгейлі банктерде қарауға дайындау;
- кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу бойынша консультация беру;
- кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын әзірлеу;
- кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау бойынша консультация беру;
- кәсіпорынның (жеке кәсіпкердің) маркетингтік стратегиясын бағалау және талдау;
- тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу бойынша консультация беру;
- ұсынымдар немесе қорытындылар бере отырып тауарларды және/немесе жұмыстарды және/немесе қызметтерді жылжытуды талдау, тауарларға және/немесе жұмыстарға және/немесе қызметтерге сұраныстың типін зерделеу;
- бәсекелес ортаны талдау бойынша консультация беру;
- нарықты, сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың, ұлттық компаниялар мен ұқсас тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алулары қорытындылары мен жоспарларын ескере отырып бәсекелес ортаны талдау;
- сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу бойынша консультация беру;
- сауда маркаларын, жарнамалық компанияларды әзірлеу.
6. Ақпараттық технологияларға қызмет көрсету саласында
консультациялар беру:
- интернет-ресурстарды әзірлеу және қолдау;
- есептерді электронды тапсыру бағдарламаларын орнату және қолдау (қандай электронды есептер екендігін нақтылау қажет);
- "1 С-Бухгалтерия" бағдарламасын орнату және қолдау;
- Кәсіпкерлік субъектілерінің қажеттіліктері бойынша ақпараттық технологиялар саласындағы басқа да қызметтер.
7. Мемлекеттік сатып алулармен, ұлттық компаниялардың және жер
қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларымен байланысты қызметтер:
- конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінім дайындау;
- конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдердің сараптамасын (аудитін) жүргізу;
интернетке қосу – Қазақстанның сатып алулары бойынша бірыңғай құрылымдық ақпараттық базаны қамтитын көзді;
- сатып алулардың мемлекеттік және өзге түрлерінің мәселелері бойынша консультациялық қызметтер;
- кәсіпорынның/жеке кәсіпкердің құжаттамасын мемлекеттік және өзге де
сатып алуларға қатысуы үшін жетілдіру мүмкіндігінің мәніне сараптау (аудит);
сатып алуларды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағымдану;
қазақстандық қамтудың есебі;
- сатып алудың жылдық жоспарлары негізінде Қазақстанның мемлекеттік және өзге сатып алуларының нарық сыйымдылығы бойынша талдамалық есептер беру;
- қоршаған ортаны басқару менеджменті жүйесін сертификаттау.