Қобда ауданының әкімінің блогі

Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Біздің ресми Интернет-ресурсқа қош келдіңіздер! Сіздермен Қобда ауданы әкімі аппаратының ресми сайтында жүздескеніме қуаныштымын!
Ресми интернет-ресурстың құрылуы мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырудың тиімді жолы болып табылады. Сайт беттерінен аудан туралы ақпараттар алумен қатар, жаңалықтармен дер кезінде таныса аласыздар.
Қобда жері - тарихы көне заманнан бастау алатын шежірелі өлке, қасиетті мекен. Аудан өңірі – тұнып тұрған тарих, қойнауы елдік пен ерліктің мәңгі өшпес өнегесіне айналған жәдігерліктерге толы.
«Қобда – батырлар елі» деп аталуының астарында сонау Қобыланды, Абат, Исатай батырлар бастап, «Шығыс шынары» батыр ару Әлия апамыз қостаған сегіз бірдей Кеңестер Одағы батырын шығарған биік рух жатыр.
Ел-жұртымыздың, ұлтымыздың талайлы тағдырында мәртебесі жоғары, мерейі үстем Қобда халқы 30-дан астам ұлт өкілдерінен тұрады.
Тоғыз жолдың торабында тұрған аудан әлеуметтік-экономикалық жағдайы қарыштап дамыған өңірге айналуға құлшынып отыр. Бүгінгі күні аудан тұрғындары табандылықпен, қажыр-қайратпен алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда.
Құрметті қобдалықтар! Сіздер өздеріңіздің толғағы жеткен, бірақ шешімін таппаған мәселелер туралы сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңыз бен игі тілектеріңізді «Әкімге сұрақ» айдарына жазуларыңызға болады. Кез келген сұрақтарыңыз, ескерту, тілектеріңіз назардан тыс қалмайды. Өзара жемісті ынтымақтастықта жұмыс жасаймыз деген сенімдемін!
Құрметпен,
аудан әкімі Мейрамбек Зинабдинұлы Шермағанбет